Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы машина жасау зауытындағы өрт сөндірілді 08 сәуір 2014, 21:39

Жалын өндірістік цех ғимаратындағы демалыс бөлмесі мен мұрағатты шарпыды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©СТВ ©СТВ

Алматы ауыр машина жасау зауытындағы өрт залалсыздандырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18.36-да зауыттың екінші қабатында тұтанған. Жалын өндірістік цех ғимаратындағы демалыс бөлмесі мен мұрағатты шарпыды. Өрт сағат 18.59-да ауыздықталып, 19.48-де толық залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 50 маманы мен 12 техникасы қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша ғимараттың 165 шаршы метр жері өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті