Дәрет алу бөлмесіндегі ілгішке күрткесін қалдырып кеткен алматылықтың 110 мың теңгесі мен Samsung Galaxy s6 Edge ұялы телефоны ұрланған. Алматылық жігіт бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Оның айтуынша, бұл оқиға 2017 жылдың 15 қаңтарында Федоров пен Гончаров көшелерінің қиылысында орналасқан Әл-Мәдина мешітінде болған.

Алматылықтың айтуынша, ол күрткесін іліп, намаз оқудың алдында дәрет алу бөлмесіне кірген. Содан кейін видеодағы кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам күрткеден әмиянды алып, онда жатқан телефонды, ақшаны және куәлікті алып шыққан. "Дәрет алуға шамамен 5-10 минут кетті. Содан бөлмеден шығып, күрткемді кидім - күрткем жеп-жеңіл. Сөйтсем күрткемде телефон да, әмиян да жоқ", - дейді ер адам.
Сондай-ақ, ол жоғалған қаражаттың тауар алуға қажет болғанын айтты. Ер адам дүкенде жұмыс істейді екен. Осы оқиғадан кейін ол Жетісу аудандық ІІБ-не арыз жазған. "Әлі хабар келген жоқ", - дейді ер адам. Оның айтуынша, куәлік кейіннен мешіттегі аяқкиімдерге арналған жәшіктен "табылған". Құжаттың табылғаны туралы ер адамға мешіт имамы хабарлапты. "Қайтарып берейін деп шешкен ғой", - дейді ер адам.
Өз кезегінде Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек 2017 жылдың 15 қаңтарында Жетісу аудандық ІІБ-не түскен арыз бойынша сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғанын айтты. "Белгісіз біреулер ішінде ақша мен ұялы телефон болған әмиянды ұрлап кеткен. Осы қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды", - деді ІІД өкілдері. Осыған байланысты полиция өкілдері азаматтардан өз мүліктеріне ие болып, қоғамдық жерлерде қалдырып кетпеулерін сұрайды.