09 маусым 2021 | 18:40

Алматы - Нұр-Сұлтан ұшағындағы жанжал: әуекомпания жолаушы видеосын көрсетті

Видеодан алынған

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Нұр-Сұлтан рейсінің ұшағында жанжал шығарған жолаушылардың видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Нұр-Сұлтан рейсінің ұшағында жанжал шығарған жолаушылардың видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуекомпания жариялаған видеода жолаушы мен оның әйелі рейске бірнеше сөмкемен бара жатқанын көруге болады.

"FlyArystan КС7055 рейсінде жолаушы Нечипоренко, бейнебақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, 2 қол сөмкемен ұшаққа кірген. Оның артындағы жұбайында да қол сөмкесі болған. Осылайша олар екі адамға 2-ден артық қол жүгін алып кірді", - делінген FlyArystan әуекомпания хабарламасында.

Реклама
Реклама

Әуекомпания баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, жолаушыға тіркеу кезінде және бортқа отырғызу рәсімі кезінде жүгін тіркемесе, рейске жіберілмейтіні туралы екі рет ескертілген. Өйткені тасымалдау ережелеріне сәйкес бортқа бір қол жүгі бар жолаушылар жіберіледі. Бірақ жолаушы әуекомпания қызметкерлері талабын орындамады. Жолаушы ашуын көрсетіп, қызметкерді итеріп, бортқа кірді, делінген хабарламада.

Тағы бір видеода әуекомпания жолаушыларды ұшаққа отырғызу сәтін жариялаған. Кадрларда екі жолаушы көрінеді.

Жолаушы Павел Нечипоренко әуекомпания жариялаған видеоға пікір білдірді.

Ер адам супервайзердің ескертуінен кейін сөмкелерін біріктіріп, баспалдақпен бір қол жүгімен көтерілгенін айтты.

"Алайда әуекомпания толық видеоны жарияламады, мені жасырып тастапты. Назар аударсаңыз, мен ақ футболка, ашық түсті қалпақша мен қызғылт шалбар кигенмін. Ал видеода олар көк киген ер адамды көрсетеді. Толық жазбаны көрсетсін. Барлық кадрда менің қызды итермегенім анық көрінеді", - деді Павел Нечипоренко.

Сондай-ақ, ол сол баспалдақтағы видеоны әсерлерсіз бөлісті. 

Павел Нечипоренко бұл кадрларда оның бір қол жүгімен кетіп бара жатқанын көруге болады дейді.

Бұған дейін Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушы жанжал шығарғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан бірнеше құқық қорғау органы қызметкерлері ер адамды орнынан көтеруге тырысқаны көрінеді. Басқа жолаушылар бұл уақытта оқиғаны телефонға түсіріп, араша түсуге тырысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная