31 мамыр 2021 14:31

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағындағы жанжал: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Полиция Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушыға неге күш қолданылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушыға неге күш қолданылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұшақта жанжал шығарған жолаушы 45 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны.

"30 мамырда кешке сағат 18.00 шамасында FlyArystan әуе компаниясы өкілінен хабарлама түсті. Әуе кемесі бортында ер адам жанжал шығарып, полиция жасағын талап еткен. Тексеру барысында жолаушы ұшаққа отырғызу кезінде жүкті тіркеу ережелерін бұзғаны анықталды. Ол авиакомпания қызметкерлерінің белгіленген ережелерді сақтау туралы талабын орындамады. Осыған байланысты авиакомпания қызметкерлері жолаушыны тасымалдаудан бас тарту туралы акт жасады", - деді көліктегі полиция департаменті өкілі.

Алайда жолаушы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Ер адамға оқиға бойынша істі қарау үшін кезекші бөлімге бару керегі айтылған. Бірақ жолаушы талаптарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

"Ер адам Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді. Онда оған қатысты адвокаттың қатысуымен ӘҚБтК-нің 566 және 667-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылған, яғни "Әуе кемесіндегі мінез-құлық ережелерін бұзу" және "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушы жанжал шығарғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан бірнеше құқық қорғау органы қызметкерлері ер адамды орнынан көтеруге тырысқаны көрінеді. Басқа жолаушылар бұл уақытта оқиғаны телефонға түсіріп, араша түсуге тырысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети