19 қыркүйек 2017 | 10:57

Алматы облысында Range Rover түйемен соғысты: Бес адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолында болған.

ІІД мәліметінше, тізгінінде 43 жастағы алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйемен соғысып, аударылып кеткен. Жүргізуші әйел мен тағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі кейінірек ауруханада қайтыс болған.

Түйе де оқиға орнында өліп қалған. Оның иесі әлі анықталмады.

Полициядағылар жол апаты болған тасжолдың құрылысы әлі аяқталмағанын және соған байланысты бұл жерде автокөлік қозғалысына тыйым салынғанын айтып өтті.

"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды", - делінген ІІД хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети