Алматы облысында 10 жастағы бала үйінен қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 10 жастағы бала үйінен қашып кеткен © arnapress.kz

Алматы облысында полицейлер мен мұғалімдер жоғалып кеткен 10 жастағы оқушыны екі күн бойы іздеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер мен мұғалімдер жоғалып кеткен 10 жастағы оқушыны екі күн бойы іздеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері бұл дерекке қатысты іздеу ісін қозғаған. 

Ұл баланы әйелімен ажырасқан ер адам тәрбиелеп келген. Полицияға хабарласқан да осы әкесі, оқушы желтоқсанның 7-сі жоғалып кеткен. 

"Жасөспірім мұның алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалған. Оны іздеуге полицейлермен қоса мұғалімдер де атсалысты. Бұл жолы ол досының үйінен табылды. Аман-есен, қазір туыстарына қайтарылды", - дейді облыстық полиция өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети