Алматы облысында 19 жастағы жігіт үш жасар қызды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 19 жастағы жігіт үш жасар қызды құтқарып қалды

19 жастағы жігіт Алматы облысы Текеліде суға батып бара жатқан үш жасар қызды құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы жігіт Алматы облысы Текеліде суға батып бара жатқан үш жасар қызды құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 мамырда сағат 18.39-да бірнеше бала ересектердің бақылауынсыз ағысы қатты Кора өзенінің бойында болған. Салдарынан 2017 жылы туған қыз абайсызда суға құлап, оны ағыс алып кеткен. Суға батып, ес-түссіз жатқан қызды екі жігіт байқап қалған.

"2001 жылы туған Жарқынбеков Дәурен еш ойланбастан суға секіріп, қызды жағаға шығарды. Сол жерден өтіп бара жатқан, 1966 жылы туған азаматша Падалкина Елена Юрьевна тыныс беру мен жүрекке жанама массаж жасау арқылы қызға алғашқы көмек көрсеткен. Осылайша олар үш жасар қыздың өмірін құтқарып қалды, сол үшін оларға ведомстволық наградалар ұсынылады. Құрметті ата-аналар, балаларды су маңында ересектердің қарауынсыз қалдырмауды өтінеміз. Балалар қауіпті түсінбейді және бұл қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін", - делінген ТЖД хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети