18 наурыз 2024 14:31

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы облысы ПД Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында жоғалған үш жасар қыз 24 сағаттан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жоғалған үш жасар қыз 24 сағаттан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

"Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жоғалған қыздың суреті: Алматы облысы ПД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети