16 қараша 2020 | 17:56

Алматы облысында ағайындылар жануарларды қатыгездікпен өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Панфилов ауылының тұрғындары қараусыз қалған ғимараттан өртенген мысықтар мен иттердің өліктерін тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Панфилов ауылының тұрғындары қараусыз қалған ғимараттан өртенген мысықтар мен иттердің өліктерін тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция жануарларды қинады деген күдікпен екі ер адамды ұстаған.

Бұл туралы Instagram желісінде пайда болды. Жазбада Animal security қоғамдық қоры мен Панфилов ауылының тұрғындары қараусыз қалған ғимаратты тексеріп, жануарлардың мәйіттерін тапқаны айтылады.

"Ғимарат мектеп пен ойын алаңының маңында орналасқан. Біз шошып кеттік. Иттер мен мысықтардың, жануарлардың өліктерін таптық! Балалар мен ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес. Балалар иттердің айғайын естиді, жануарларды өлтіріп, өртеп, қинап жатқандарын естиді. Сондай-ақ ол адамдар балалар мен әйелдерді қорқытады. Балаларға тас лақтырады, қылғындырады. Неліктен ауыл тұрғындары мен жануарлар зардап шегуі керек?", - делінген жазбада.

Аnimals_panfilova парақшасында оқиғаның қай жерде болғаны түсірілген. Онда жануарлардың өлігін көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Братья наши меньшие? (@animals_panfilova)

Ауыл тұрғыны Алина Анакулованың айтуынша, ауылда балалар мен әйелдерді қоқытып, жануарларды өлтіріп жүрген екі ер адам бар. 

Сондықтан ол ауыл тұрғындары мен балалар үшін уайымдайтынын айтады. Алина күдіктілер тұрып жатқан жердің маңындағы мектепте жұмыс істейді екен.

Алматы облысының полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Полициядағылар екі ер адамның жануарларға қатегіздік жасағаны үшін ұсталғанын айтты.

"14 қарашада Панфилов ауылының 23 жастағы тұрғыны Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне өзінің ауылындағы біреулердің қаңғыбас иттер мен мысықтарды мазақ етіп, оларды азаптап өлтіргені туралы арызданған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бір тәулік ішінде Талғар АІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Серікұлы екі ағайынды 29 жастағы және 37 жастағы жергілікті тұрғындарды анықтап, ұстады. Екі ағайынды психоневрологиялық мекемеде есепте тұр", - деді полициядағылар.

Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлігі ("Адамдар тобы жасаған жануарларға қатыгездікпен қарау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта оларды арнайы психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети