07 шілде 2016 | 11:41

Алматы облысында әжетханадан табылған нәрестенің анасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табылған қыз. © Куәгер жолдаған сурет Табылған қыз. © Куәгер жолдаған сурет

Алматы облысының Ақши ауылында жеке үйлердің бірінің әжетханасында табылған нәрестенің анасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Ақши ауылында жеке үйлердің бірінің әжетханасында табылған нәрестенің анасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Анасы 1992 жылғы қыз болып шықты. "Ол Қарасай ауданында тіркелген. Ол босанған үйге қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері - оның туыстары. 2 жыл бұрын осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұл анықталады. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте 5 шілдеде табылған еді. 

Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7-де табылған. "Үйдің қожайыны әйелді көрмепті. Ол таңғы сағат 7-де нәрестенің жылағанын естіп, сыртқа шыққан. Содан жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейіннен оқиға орнына полицейлер келіп, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді", - деді куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы емдеу ісі директорының орынбасары Арман Тойбековтың айтуынша, нәрестенің жағдайы қалыпты. "Қызға аздап суық тиген, бірақ дене температурасы қалыпты. Ауруханада тағы 10 күндей ем алады", - деді дәрігер. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети