10 мамыр 2023 | 09:16

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылының Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде. Алдын ала себеп - белгісіз заттан улану", - делінген хабарламада.

Мән-жайды анықтау үшін дереу шақырту орнына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу сынақ өрт зертханасы, газ қызметі мен СЭС жіберілді. Алғашқы жиналған материал Қарасай ауданы бойынша ПБ тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети