Алматы облысы Тұздыбастау ауылында тұрғын үйлер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Тұздыбастау ауылында тұрғын үйлер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің сөзінше, алты үйді өрт шалған. Осыған байланысты Талғар тасжолының екі бағыты да жабылды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады. Комитет өкілдерінің мәліметі бойынша, 27 шілдеде сағат 22:10 шамасында Тұздыбастау ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан жекеменшік үйлерден өрт шығып, қасындағы жиһаз цехі етіп жасалған үйге де от тиген. Өртті сөндіруге Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 14 өрт сөндірушісі мен 3 техника жұмылдырылды және Алматы қаласы Өрт сөндіру қызметінің сегіз өрт сөндірушісі мен екі техникасы көмекке келді. Өрт аумағы шамамен 380 шаршы метр.
"Шамамен сағат 00:24-те өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алды", - деп хабарлады Иманқұлов.