Алматы облысында әскери қызметшілер 5,5 миллион теңгесін алаяққа беріп қойған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облысындағы Боралдай ауылында бес әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрлігінің есебінен қызметтік баспана алып берем деген бұрынғы әріптестерінің құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Іле аудандық сотының судьясы Жамиль Арыстановқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Боралдай ауылында бес әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрлігінің есебінен қызметтік баспана алып берем деген бұрынғы әріптестерінің құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Іле аудандық сотының судьясы Жамиль Арыстановқа сілтеме жасап.

Ер адам бір бөлмелі пәтер алып беру үшін 4 мың доллар, екі бөлмелі пәтер үшін 5 500 доллар, үш бөлмеліге 6 500 доллар сұрған екен. Әскери қызметшілер оған жинаған қаражаттарымен қоса, банктен несие алып берген. Жалпы алғанда олар 5,5 миллион теңгеден айырылыпты.

Сот отырысы кезінде жәбірленушілер ер адамның пәтерді ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет ететін Марат есімді танысы арқылы алып берем деп айтқанын жеткізді. Сонымен қатар, ол Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында орналасқан пәтерлерге 2015 жылдың 16 желтоқсанында кіретіндерін жеткізген екен.

Сотта ер адам өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол ақшаны таныстарының бірінен ғана қарызға алғанын айтты. Оның бұған дейін де алаяқтық үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Нәтижесінде Іле аудандық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro