Алматы облысында Су-27 ұшағы құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында Су-27 ұшағы құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 23 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.42-де оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 ұшағынан байланыс үзілген. Экипаж мүшелері - подполковниктер Е.Ж.Науанов пен Д.И.Горбунов. Іздестіру жұмыстары барысында ұшақтың құлаған жері табылды.
Қазіргі уақытта ұшқыштарды іздеу жалғасып жатыр. Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірше белгісіз.