Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып-соққандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып-соққандар ұсталды

Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып-соққан екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып-соққан екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Дереккөз мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Іле ауданы Жетіген ауылында болған. Бұл дерек Іле аудандық полиция басқармасында тіркелді.

Тексеріс барысында жанжал жолаушы мен жүргізуші арасында шыққан. Автобус камерасына түсірілген видеоға қарағанда, екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның соңы төбелеске ұласқан.

"Кейін жолаушы ұлына хабарласқан. Ол досымен бірге келген. Екеуі жүргізушіні бірнеше рет ұрған. Күдіктілер ұсталды, олардың кім екені анықталды. Олар - Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары, яғни жолаушының 28 жастағы ұлы және оның 21 жастағы досы", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алған.

Дереккөз мәліметінше, бұл жағдай бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы бойынша іс қозғалды. Қажет шешім қабылдау үшін іс сотқа жіберілді.

Ұсталғандардың автобус жүргізушісінен кешірім сұрағаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети