Алматы облысында автожолда көкпар тартқандар жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында автожолда көкпар тартқандар жазаланды Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданындағы автожол бойында көкпар тартқан бір топ адам видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданындағы автожол бойында көкпар тартқан бір топ адам видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазбада 20-30 адам жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, Алматы – Бішкек автожолы бойындағы Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңында рұқсатсыз көкпар тартқан.

Полиция қабылдаған шаралар нәтижесінде көкпар тартқан Бұлақты кентінің сегіз жергілікті тұрғыны ұсталды. Барлық тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети