Алматы облысында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жол апаты 9 қыркүйек күні сағат 07.30-да Алматы - Бішкек тас жолының 122-шақырымында болған. Шығыс бағытта жүріп бара жатқан Lada Priora жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасынан бес жолаушы қаза тапты, бесеуі де әйел. Екі көліктің жүргізушісі де дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына Lada автокөлігінің жүргізушісі кінәлі, ол жолдың қарсы бағытына шыққан. Lada жүргізушісі Тараздың тұрғыны, 1994 жылы туылған, ал Mercedes жүргізушісі 1961 жылғы азамат, Шымкенттің тұрғыны. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.