Қазіргі уақытта ірі қалалардағы ХҚКО-ларда дәрігерлер кезекшілік етіп жатыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Шоқан Әбділманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта ірі қалалардағы ХҚКО-ларда дәрігерлер кезекшілік етіп жатыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Шоқан Әбділманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекеттік корпорация атынан және өз атымнан қайтыс болған Сәлімбаев Қонысбек Ыдырысұлының жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Біз медициналық қорытындыны күтіп отырмыз. Ішкі қауіпсіздік департаментіндегілер қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, бірақ қорытындысын кейін айтамыз. Қазір ХҚКО-ның әр бөлімінде жедел жәрдем машинасы мен дәрігерлер кезекшілік етіп жатыр", - деді Шоқан Әбділманов.
Сонымен қатар, ол I және II топтағы мүгедектер үшін, сондай-ақ, еңбекке жарамсыз адамдардың мемлекеттік қызмет көрсету түрлерімен үйде-ақ танысып, ал ХҚКО-ның қызметкерлері олардың үйіне барып, кез келген мемлекеттік қызметті көрсете алатынын айтты.
"Ресми мәлімет бойынша, ер адам ғимарат ішінде емес, өзінің көлігінде қайтыс болған. Әзірше ешқандай қорытынды жоқ. Меніңше, қазір бұл туралы айту дұрыс емес", - деді Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева.
Еске сала кетейік, кеше Алматы облысында ХҚКО-дан шыққан ер адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Полицейлердің мәліметінше, оқиға Іле ауданындағы Өтеген Батыр ауылында шамамен сағат 15.00-де болған. Ер адам көшеде тұрған көлігіне отырғаннан кейін қайтыс болған делінеді.