Алматы облысында бір отбасы жоғалып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Чурилиндер отбасы. Фото туыстарынан Чурилиндер отбасы. Фото туыстарынан

Алматыда түсініксіз жағдайда бір бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Іздеу туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда түсініксіз жағдайда бір бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Іздеу туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

Оның жазуынша, 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер жоғалып кеткен. Олармен бірге үш баласы - Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) де табылмай жатыр. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған. 

"Тұратын жерлерінде ешкім есік ашпайды, көршілері де отбасының қайда екенін білмейді. Ерекше белгілері - ересектер мен балалардың бәрі мылқау, ымдасып сөйлеседі. Бір жаққа кетететіндерін айтып ескертпеген. Әйелі мен күйеуі 35-40 жас шамасында. Бойлары ұзын. Денелері ірі. Шаштарының түсі ашық", - дейді туыстары. 

Чурилиндер отбасы туыстарымен соңғы рет 3 тамызда сөйлескен. 4 тамызда Желіге кірген. Отбасының жақындары Алатау ауданының полициясына жүгінген. 

Ислам Угушевтің жазуынша, полиция отбасының көлігін 4 тамызда таңда Қапшағай автожолындағы камерадан көрген. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы Іле өзеніне балық аулауға кеткен. Андрей Чурилин 2001-2002 жылғы, мемлекеттік нөмірі A094ZOO, көк түсті Mazda 323 автокөлігін тізгіндеген. 

"Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына өтініш: іс-түссіз жоғалып кеткен отбасыны іздеуге көмектесіңіздер. Кез келген маңызды мәліметті төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлай аласыздар: +7 777 044 37 50 - Дмитрий, +7 707 252 61 00 - Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі", - деп жазылған хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro