25 ақпан 2018 | 16:59

Алматы облысында бірнеше ауданды су басып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, сонымен қатар, Талдықорғанда айтарлықтай көп ауланы су басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, сонымен қатар, Талдықорғанда айтарлықтай көп ауланы су басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар жамылғысы қарқынды еріп жатыр. Жердің қатуына және арықтардың лайлануына, кей жерлерде олардың мүлде болмауы салдарынан, сонымен қатар, құрылыс жүргізуде ережелердің бұзылуына байланысты жеке үйлердің аулаларын су басып жатыр", - деді ведомстводағылар.

Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, сонымен қатар, Талдықорғанда айтарлықтай көп ауланы су басып қалған. Құрамында 17 адам бар жедел топ осы аймақтарға аттанды, олар су басу салдарын жою жұмыстарымен айналысады.

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар мен Алматы облыстық ТЖД арықтарды тазалау, бөгендер жасау және аулалардағы суды сорып алу жұмыстарымен жүргізіп жатыр.

2018 жылдың 25 ақпанынан бастап Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бүкіл гарнизоны қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшті.

Ведомство мамандарының айтуынша, 24 ақпаннан бері облыста үй ауласын және жолдарды су басудың 14 оқиғасы тіркелді, бұл аймақтарда 61 ауланы су басты, оның салдарын жою үшін әкімдіктерден 150 адам, ТЖД-дан 60 адам жұмылдырылып, 60 арнайы техника мен 20 мотопомпа қолданылды.

Қар әсіресе күннің екінші жартысында қарқынды ериді.   

25 ақпанда ТЖД-ға су басқаны туралы 4 хабарлама келіп түскен, барлық жағдайда мамандар көмекке барып, салдарын жою жұмыстарымен айналысты.

"Азаматтардан табиғи құбылысқа түсіністікпен қарауды және су басып қалмау үшін өз учаскесіндегі арықтарды реттеп, тазалауды сұраймыз", - деді өңірдегі құтқарушылар.    

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы мен Алматы облысында күннің күрт жылынуына байланысты ескерту жарияланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети