Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты Видеодан алынған

Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 5 сәуірде сағат 00.10 шамасында Іле ауданы Өтеген батыр кентінде болған. 

"Мәлімет бойынша, Lexus RX-300 автокөлігінің жүргізушісі Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда Volkswagen Golf көлігін соғып, инерция бойынша Pontiac, Audi 100, Hyundai accent маркалы тағы үш автокөлікпен соқтығысқан", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға болған жерде Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Hyundai accent жүргізушісі ауруханада қайтыс болды.

Сонымен қатар, Lexus жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақатпен Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от САМЫЙ КРУПНЫЙ ПАБЛИК KZ🇰🇿 (@krisp.almaty)

"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети