19 желтоқсан 2023 09:53

Алматы облысында энергетика басқармасы басшысының орынбасары апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/elitar.kz © instagram/elitar.kz

Алматы облысындағы тасжолда Шымкент Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадіров жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ELITAR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты 18 желтоқсанда сағат 8:00-де Алматы-Бішкек тасжолында Беріктас ауылынан үш шақырым жерде болған. Абдуқадіров Lexus LX 470 көлігі тізгінінде айналма жолға шығып бара жатып, рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, айналма жолдан шығып келе жатқан VOLVO FN 420 жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Мақсат Абдуқадіров оқиға орнында көз жұмды. Бір отбасыдан төрт адам, оның ішінде кішкентай балалар (1991, 2015, 2018, 2021 жылы туған) түрлі дене жарақаттарымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети