Алматы облысында ер адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 шілдеде сағат 22.27-де болған. Mazda көлігін тізгіндеген жүргізуші Алматы - Өскемен тасжолының оңтүстік бағытында жүріп бара жатқан. Алайда Қапшағай қаласынан 5 шақырым жерде ол сиырды соққан.
"Көлік жүргізушісі мен жолаушы зардап шеккен. Олар ауыр халде Қапшағай қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда жолаушы алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды", - делінген хабарламада.
Жол апатында сиыр да өлген. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді.
"Тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жол апатының нақты себебі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!