Алматы облысында ер адам карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген Видеодан алынған кадр

Алматы облысының тұрғыны карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген. Полиция ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген. Полиция ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда бір топ адамның жол қозғалысына кедергі келтіріп жатқаны көрінеді.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, көкпар тартып жатқандарды таратқаны айтылады. Ал шараны ұйымдастырушы полиция бөліміне жеткізілген.

"1 қарашада Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Алматы-Жандосов автожолында көкпар беріп жатқандар туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған полицейлер Долан кентінің 38 жастағы тұрғыны бес жасар ұлын сүндетке отырғызуына орай көкпар бергенін анықтады", - делінген хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, ережебұзушыға қатысты материал толтырылғаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети