Алматы облысында 37 жастағы ер адам 8 жастағы қызды зорламақ болған. Бұл оқиға 2 тамызда болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматы облысында 37 жастағы ер адам 8 жастағы қызды зорламақ болған. Бұл оқиға 2 тамызда болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, қыздан жауап алынған соң прокуратура өкілдері зорламақ болған ер адамды қайтадан бостандыққа жібере салған.
Аулаға құрбыларын іздеп шыққан 8 жастағы қызды ер адам дәл сол жерден ертіп әкеткен. Кішкентай қыз оның соңынан еріп, үйіне дейін барған. Әбден шошып үйіне келген Софияның өңі қашқанын әпкесі байқаған. Анасының айтуынша, ер адам қыздың үйінің қорасына апарып сүйе бастаған. Қыз айғайлауға тырысқанымен, оны қорқытып, дыбысын шығартпаған екен. Киімдерін шешіп, өзінің ойына келгенін істемекке оқталып, кенет жібере салған.
"Біз ести сала бірден сол жерге қарай тұра ұмтылдық. Барсақ, ешкім жоқ. Кейіннен құзырлы органдарға хабарласып, бірден шағымдандық. Полиция өкілдері қызыма телефоннан күдіктілердің суреттерін көрсетіп, біреуін таныдық. Кейіннен сол үйде тұратыны белгілі болды", - дейді Приозерск саяжайының тұрғыны Оксана Олейникова.
Қазіргі уақытта тұрғындар прокуратура өкілдерінің күдіктіні бостандыққа жібере салғанына наразылығын білдіріп отыр. Тергеу ісі аяқталмай үйіне келген ер адамның тағы бір іске баруынан қорқып отыр.
"Осы ауылдың 37 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда Іле аудандық полициясының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл іс облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды", - дейді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.