Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты видео кадры

Алматы облысы Кеген ауданында оқыс оқиға болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Кеген ауданында оқыс оқиға болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Кадр сыртындағы дауыс көлік асудан ұшып кеткенін айтады.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданындағы Кеген-Ақсай-Көкпек тасжолының бойында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant маркалы екі көлік жол апатына ұшыраған.

Апат салдарынан Hyundai Santamo маркалы автокөлік жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.

"Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Кеген ауданының ПБ ЕҚДБ-да тіркелді. Соталды тергеп-тексеру жүргізу Алматы облысы ПД Анықтау басқармасының анықтаушыларына тапсырылды", - делінген облыстық полиция хабарламасында.

Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облыстық Полиция департаментінде бақылауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети