Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды видео кадры

Алматы облысында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан Toyota ауыр жүк көлігі тіркемесінің астына кіріп кеткені көрінеді. Облыстық полиция жол апатынан 47 жастағы ер адамның қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады.

"Алматы-Шелек-Қорғас тасжолы бойымен келе жатқан Toyota көлігінің 53 жастағы жүргізушісі тоқтап тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан жеңіл көлікте болған 47 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы да түрлі жарақатпен Шелек ауылдық ауруханасына жеткізілді. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды", - деді полициядағылар.

Ведомствода қылмыстық іс аясында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объектив тексеру үшін қажетті сараптамалар тағайындалғанын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети