Алматы облысында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Алматы облысында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 6 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 05.28-де Алматы облысының аумағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,4, тереңдігі - 10 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін де Алматы облысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 27 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.36-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым қашықтықта болған еді.