21 тамыз 2017 | 10:42

Алматы облысында жетім балалардың мүлкі заңсыз сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kartalinka.ru © kartalinka.ru

Алматы облысында жетім балалардың мүлкін сатқан және жалға берген қамқоршылары жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жетім балалардың мүлкін сатқан және жалға берген қамқоршылары жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Прокуратура органдары қамқорлыққа алған жетім балалардың мүлкін сату бойынша бес дерек анықтаған. Осыған байланысты қамқоршылармен қоса, сату бойынша келісімшарт жасаған нотариустар мен қомқорлыққа алу органдарының қызметкерлерін жауапқа тарту қарастырылып жатыр. Барлық сатылған мүлік қалпына келтіріледі. 

Текелі қаласында балалардың мүлкін олардың рұқсатынсыз жалға беру бойынша екі дерек анықталған. Бұдан түскен пайда шамамен - 350 мың теңге. Қазір бұл қаражатты балаларға қайтару және кінәлілерді жазалау жолы қарастырылып жатыр. 

Талғар ауданында да осыған ұқсас 11 дерек анықталған. Бұл әрекеттер үшін салынатын айыппұл көлемі - 400 АЕК. 

Прокуратура сараптамасы қамқоршылардың балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайы мен өзге де тұстары жайлы еш есеп бермейтінін көрсетті. Қазіргі кезде прокуратура өкілдері бұл олқылықтардың орнын толтыру жолдарын қарастырып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети