24 қаңтар 2018 13:58

Алматы облысында жоғалған 15 жастағы оқушы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Полицейлер Талғар ауданында үйінен кетіп қалған 15 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оны Алматыдан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар ауданы Жалғамыс ауылында тұратын мектеп оқушысы 19 қаңтарда күндізгі уақытта жоғалып кеткен. Қыздың ата-анасымен сөзге келісіп, үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.

Полицейлер сол елді мекеннің маңында жедел шараларды жүргізіп, көрші полиция бөлімшелеріне бағыттамалар жіберген.

"Қыз Алматы қаласы Бостандық ауданынан табылып, кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі уақытта ол үйінде. Ювеналды полиция қызметкерлері қыздың осыған дейін де үйден кетіп қалып жүргенін ескере отырып, қыздың осы әрекетіне ненің себеп болуы мүмкін екенін анықтап, қажетті шараларды қолданып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети