Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр

Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іздестіру әлі нәтиже бермеді.

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іздестіру әлі нәтиже бермеді.

"Қыз әлі табылған жоқ, оны іздеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, баланы іздеуге "Қазавиақұтқару" тікұшағы жеткізілген. Іздеу орнында жедел штаб құрылды.

"Іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Іздестіру орнында үзіліссіз байланысты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайларды жою командалық-штабтық автокөлігі орналастырылып, жұмыс істейді. Іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама