Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық сәби қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық сәби қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігі тізгінінде ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.
"Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза болды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды. ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - делінген сайтта.
Дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі ("Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!