Жол талғамайтын көлік газ құйылған автожанармай құю бекетіне соқтығысып, салдарынан жарылыс болды. Екі адам зардап шекті және екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

6 тамызда сағат 10:15-те Алматы облысындағы Есік қаласында "Әлем Ойл" АЖҚС маңында Land Cruiser Prado маркалы көлік газ құйылған ыдысқа соқтығысып, салдарынан жарылыс болып, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado көліктері және 700 шаршы метр құрғақ шөп өртеніп кетті.
"Термиялық күйік салдарынан 1948 жылы туған Land Cruiser Prado маркалы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, денесінің 90 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шегуші - 1990 жылы туған май құю стансасының операторы, ол алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Жақын маңдағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!