07 ақпан 2024 14:41

Алматы облысында жолда төбелес шығарған жүргізуші ұсталды

видео кадры

Полицейлер Алматы-Бішкек тасжолында төбелес шығарған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы-Бішкек тасжолында төбелес шығарған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Алматы облысының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын зерттеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта ұсталған ер адам кінәсін мойындап, заңда белгіленген шаралар аясында уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл ретте ұсталған жүргізуші төтенше жағдай туғызып, жол қозғалысына қасақана кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған.

Полиция мәліметінше, аурухана мен құқық қорғау органдарына ешкім хабарласпаған.

Еске салайық, бұған дейін видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда бір жүргізушінің көліктегі екінші жүргізушіні ұрғаны көрінеді. Оқиға жол бойында болған.

Бұл оқиға Қарасай аудандық полициясына бұзақылық дерегі бойынша тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram