07 ақпан 2024 10:52

Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда бір жүргізушінің көліктегі екінші жүргізушіні соққыға жығып жатқанын көруге болады. Мұның бәрі жол үстінде болады.

Куәгердің айтуынша, бұл Алматы-Бішкек тасжолында, Алматы маңында болған.

Алматы облысының полицейлері жолда төбелес шығарғандар анықталғанын хабарлады. Қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаны Қарасай аудандық полицейлері бұзақылық дерегі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер қосымша беріледі", - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети