Алматы облысында жүк көлігі 8 жастағы баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүк көлігі 8 жастағы баланы қағып кетті Иллюстративное фото:newsmir.info

Алматы облысында жүк көлігі сегіз жастағы баланы қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүк көлігі сегіз жастағы баланы қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері оқиғаның 26 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданында болғанын хабарлады. ЖКО-ға қатысты соталды тергеу басталды.

Жүргізуші Howo маркалы жүк көлігінде болғаны анықталды. Сегіз жастағы бала оқиға орнында қаза тапты. 

"Тергеу барысында қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталады. Полиция департаменті баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп толықтырды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус жүргізушісі қағып кеткен. Әйел адам оқиға орнында қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети