Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, жол апаты Алматы - Бішкек тас жолының 69-шақырымында болған.

"Ақтерек постынан кейін Алматы - Бішкек тас жолының 69-шақырымында екі жүк көлігі соғысты. Жол апаты салдарынан "КамАЗ" бен "Ивеко" соғысып, "Ивеко" көлігінің 1975 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. "Камаз" жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова.
Ведомство мәліметінше, жол апаты болған жерде кімнің кінәлі екенін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.