Алматы облысында жүргізуші жаяу жүргіншіге пышақ сұғып алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүргізуші жаяу жүргіншіге пышақ сұғып алған видео кадры

Алматы облысында жүргізуші егде ер адамды пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүргізуші егде ер адамды пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының полицейлері оқиға 1 маусымда сағат 12:00 шамасында болғанын хабарлады.

"Жамбыл аудандық полиция басқармасына 1967 жылы туған ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.

Полицейлер мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелген.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда егде ер адам ішіндегі қанды жараны қолымен ұстап тұрғаны көрінеді. Видео авторы оны Lada жүргізушісі қағып кеткенін айтты. Оның айтуынша, жәбірленуші жолды кесіп өтпек болған және бұл жанжалға себеп болған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 61 жастағы тұрғын ұсталды. Жанжалға Ұзынағаш ауылындағы көшелердің бірінде жәбірленуші мен күдікті арасындағы ауызша кикілжің себеп болғаны анықталды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети