05 қараша 2020 17:38

Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда жүргізушілердің жол-көлік оқиғасы үшін сөзге келіп, төбелес шығарғаны көрінеді. Қасында тұрған адамдар оларды ажыратпақ болады. 

"Талғар орталығында жол-көлік оқиғасы үшін төбелес болып жатыр", - деп жазған Желі қолданушылары.

Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Талғарда болған жағдай назарға алынды. Төбелес шығарғандардың аты-жөні анықталып жатыр. Талғар аудандық полиция басқармасына арыз түспеді. Төбелеске қатысқандардың аты-жөні анықталған соң олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети