16 қаңтар 2015 11:44

Алматы облысында журналистер жол апатына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Auto.gazeta.kz ©Auto.gazeta.kz

Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Зардап шеккендердің ішінде "Жетісу" газетінің фотографы, облыс әкімінің баспасөз қызметін басқаратын "Жетісу" телерадиокомпаниясының журналисі бар.


Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Зардап шеккендердің ішінде "Жетісу" газетінің фотографы, облыс әкімінің баспасөз қызметін басқаратын "Жетісу" телерадиокомпаниясының журналисі бар.

Алматы облысында жол-көлік оқиғасы 16 қаңтарда таңғы сағат 7.00-де Жаркент - Алтынкөл автожолының үшінші шақырымында болды. Мәлімет бойынша, әкімдік қызметкері Skoda Octavia автокөлігінде рульге ие бола алмай қалып, аударылып кетті. "Жол апатының нәтижесінде екі әйел мен бір ер адам - "Жетісу" газетінің фотографы және облыс әкімінің баспасөз қызметін басқаратын "Жетісу" телерадиокомпаниясының журналисі жарақат алды. Барлығы орталық ауруханаға жеткізілді, бірақ "Жетісу" телеарнасының журналисі жеңіл жарақат алғандықтан үйіне жіберілді", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, оқиға кезінде жол апатын жасауы мүмкін өзге көліктер болмаған. Қазіргі уақытта облыстық ІІД тергеу бөлімі болған оқиғаның жай-жапсарын анықтап атыр. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы Алматы облысында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы да бес адам жарақат алған еді. Жол-көлік оқиғасы 18 шілдеде түнгі уақытта Алматы - Өскемен автожолының 409-шақырымында, Ақсу ауданының аумағында болды. Полиияның мәліметінше, Honda Odyssey және Nissan X-Trail автокөліктері соғысып қалған. Төрт адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккендер Сарқанд қалалық орталық ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети