Алматы облысында әскери қызметкер қол астындағы қызметкерді ұрып-соққаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында әскери қызметкер қол астындағы қызметкерді ұрып-соққаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорған гарнизонының әскери соты ҚР Қорғаныс министрлігінің 12740 әскери бөлімінің капитанына қатысты "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық істі қарады.
Сот шешіміне сәйкес, бұл қақтығыс қатардағы әскердің танктің үлкен сорғышын қоса алмағандығынан болған. Іс материалдарына қарағанда, капитанның қызмет және билік өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, танкте тұрған қатардағы әскердің арқасына аяғымен екі рет соққы жасағаны анықталды. Бұдан кейін танктен шықпақшы болған қатардағы әскериге тағы да аяғымен шүйдесіне соққы жасап, салдарынан қызметкер маңдайымен танктің астына кіретін қақпақты тесікке соғылып, жарақат алған.
"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, 2016 жылдың 21 сәуірінде Кесікбаев Р.Ж. есімді жәбірленуші жеңіл жарақат алды. Сонымен қатар, соттың шешімімен Сейітов А.А. есімді азамат "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабын қоса есептегенде, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, - деді баспасөз қызметіндегілер.