Алматы облысында қар көшкіні жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қар көшкіні жүрді Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 наурызда сағат 08:28-де Еңбекшіқазақ ауданындағы облыстық маңызы бар Түрген ауылы – Батан шатқалы тасжолының 23,5 және 18-шақырымдарында қар көшкіні жүрді.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні Түрген ауылы – Батан шатқалы бағытындағы тасжолдың бір бөлігін жапқанымен, көлік қозғалысы үшін жол ашық. Бұл жол облыстық маңызға ие болғандықтан, жолды қардан тазарту жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, "Қазселқорғау" қызметкерлері жұмылдырылды.

"2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін Түрген – Батан – Асы обсерваториясы облыстық маңыздағы тасжолының 15-41-шақырым аралығы көлік қозғалысы үшін жабық. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және бұл ақпаратты жол жүруді жоспарлау кезінде ескеруге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети