07 қазан 2020 12:01

Алматы облысында қар салдарынан көліктер асудан өте алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматы облысындағы Кеген асуында 27 көлік қар салдарынан тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы Кеген асуында 27 көлік қар салдарынан тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктердің тұрып қалған жерінен түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында жарияланды. Ролик авторы Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Кеген ауылындағы асу тұрғанын айтады. Кадрдан қардың жерді көміп тастағанын көруге болады.

"Мына асуда жазғы дөңгелекпен қалдық", - деді роликті түсіріп тұрған жігіт көліктерді санап.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер 6 қазанда сағат 16.40-та Кеген - Ақсау жолындағы 15-шақырымда қар салдарынан көлік кептеліп қалғанын мәлімдеді.

"Кеген ауданы ТЖ бөлімінің мамандары оқиға орнына келгенде жазғы доңғалақпен жүрген көліктер жеті-сегіз сантиметрлік қар салдарынан төбеге көтеріле алмай тұрғанын анықтады. Асуда 27 көлік тұрып қалған, оның алтауы - жүк көлігі", - деде ведомстводағылар.

Видео: Алматы облысы ТЖД

Фото: Алматы облысы ТЖД

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети