24 желтоқсан 2016 | 10:46

Алматы облысында кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті. 39 жастағы Валерий Харлановты туыстары 20 күннен бері іздеп жатыр, -  деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында кәсіпкер із-түссіз жоғалып кетті. 39 жастағы Валерий Харлановты туыстары 20 күннен бері іздеп жатыр, -  деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ базарда қосалқы бөлшектер сатумен айналысқан одан әлі күнге хабар жоқ. Валерийдің туыстары тіпті тәртіп сақшыларына қастандық қылуы мүмкін азаматтардың да аты-жөнін айтып беріпті. 

Алматыдағы базарлардың бірінде көліктің қосалқы бөлшектерін сатумен айналысатын Валерий Харлановты соңғы рет 5-ші желтоқсан күні көршілері көрген екен. Қапшағай маңындағы саяжайда тұратын саудагерді содан бері туыстары таба алмай жатыр.

"Әкемнің жоғалғаны туралы әжемнен естідім. Ол маған хабарласып: "Валерий бірнеше күннен бері байланысқа шықпай жатыр" деді. Сосын мен базарға бардым. Ол жердегі сатушылар да әкемнің көптен бері жұмысқа келмей жүргенін айтты", - дейді кәсіпкердің қызы.

Осыдан кейін туыстары Валерий Харлановты саяжайдағы үйіне іздеп барған. Ол жерден де таппапты. Есесіне күнделікті мініп жүрген көлігі есік алдында ашық-шашық жатыр дейді. Ал ішінде шашыраған қан іздері болған. Осыған қарап Валерийдің ағасы оны біреулер ұрып-соғып, күшпен басқа бір жаққа алып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр.

"Көліктің ішінде құжаттары жатыр. Артқы орындығы мен әйнектері қан-жоса болған. Валерий бұған дейін басқа бір әйелмен бірге тұратын еді. "Сол келіншек ақшамды ұрлады, контейнерден заттарым жоғалды" деп айтатын. Менің ойымша, өзімен бірге тұрған әйел бауырыма қастандық жасауы мүмкін", - деді Харлановтың ағасы.

Айта кетейік, Валерий Харлановты еркітілер тобы да іздеп жатыр. Олар Қапшағай, Алматы қалаларына суреттер іліп, барлық ауруханалар мен мәйітханаларды тексеріп шыққан. Ал полицейлер жоғалған азаматтың таныстары мен соңғы уақытта байланыста болғандардың барлығын тергеп жатырмыз.

Сондай-ақ, Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Айман Мырзекова осы оқиғаға қатысты түсінік берді. "Валерий Харлановты полиция қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оның барлық достары, таныстары, көршілері іздестіруге көмектесіп, сонымен қатар сұралып жатыр. Бұл іс ІІД басшылығының қарауында", - деді ІІД баспасөз хатшысы.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері көлік ішіне шашыраған қан іздерінен де сынама алыпты. Бірақ оның қорытындысы әлі дайын емес. Сондықтан ұшты-күйлі жоғалған азаматтың ізіне түсуге ілік таппай отыр екен. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети