18 шілде 2023 | 17:59

Алматы облысында көлік қағып кеткен 9 жастағы қыз аяғынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

әлеуметтік желіден алынған кадрлар

Алматы облысында көлік қағып кеткен 9 жастағы қыз аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында көлік қағып кеткен 9 жастағы қыз аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады. Кадрда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелін елемей, жолдың қарсы жолағына шығып кеткенін көруге болады. Ол жылдамдықпен келіп жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жазба астына жәбірленушінің туысы жол апатынан бала зардап шеккенін жазған.

Алматы облысының полицейлері жол апатына қатысты пікір білдірді.

"14 шілдеде сағат 09:00 шамасында Қарасай ауданындағы көшеде келе жатқан 30 жастағы Lexus автокөлігінің жүргізушісі 9 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаймыз. Кейін жол жиегінде тұрған Mercedes маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Аленов.

Құқық қорғау органдары бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тергеліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта ЖКО мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Зардап шегушінің туысының айтуынша, қыздың сол қолы мен сол аяғының саусақтары жарақаттанған. 18 шілдедегі жағдай бойынша қолды аман алып қалды, ал аяғын кесуге тура келді. Бүгінде қыз Алматы қаласының 2-ші қалалық балалар ауруханасында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети