18 мамыр 2016 19:53

Алматы облысында көпір опырылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облысының Қарой ауылында тірегін су шайып кеткен көпір опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық ТЖ бөліміне сілтеме жасап. Көпір ауылды әскери бөліммен байланыстырады.


Алматы облысының Қарой ауылында тірегін су шайып кеткен көпір опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық ТЖ бөліміне сілтеме жасап. Көпір ауылды әскери бөліммен байланыстырады.

18 мамырда таңғы 9.25-те Іле аудандық ӨБ-3 бөліміне Қарой ауылдық округінің әкімінен ауылда көпірдің опырылғаны жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына аудандық ТЖ, аудандық ІІБ, прокуратура және әкімдік басшылығы барды.


© Tengrinews.kz

"Оқиға орнына келгеннен кейін тірегін су шайған көпірдің бір жағының опырылғаны анықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, қаза болғандар жоқ. Қаскелең өзенінің үстіндегі көпір темірбетон плиталарынан және тіректерінен жасалған. Көпір кеңес үкімет кезінде, шамамен 1980 жылдары салынған", - деді Іле аудандық ТЖ басшысы Анаят Мәсімов.

Сонымен қатар, шенеуніктер уақытша көпірдің салынатынын айтты. Бұл деректі аудандық прокутура ерекше бақылауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети