27 маусым 2017 13:34

Алматы облысында қызды құтқармақ болған екі жігіт суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматы облысында қызды құтқармақ болған екі жігіт суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылында болды. Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, екі жігіт суға тұншыққан қызды көріп, көмектесуге барған, алайда өздері шыға алмай қалған. 

"26 маусымда 17 сағат 25 минутта Еңбекшіқазақ ауданы "Шелек" өзенінде үш адам суға кетті: екі жігіт 1995 және 1984 жылғы, ал қыз бала 1988 жылғы. Жігіттер суға тұншыққан қызды көріп, көмектесуге барған, алайда өздері опат болған. 17 сағат 25 минутта куәгерлер қыздың денесін судан алып шыққан. Жігіттердің мәйіті іздестіріліп жатыр", - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев. 

Іздестіру операциясы жүріп жатыр, ТЖД және полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына тартылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети