Алматы облысында мектеп оқушысын көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматы облысында Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға куәгерлері Қарасай ауданындағы ауылдардың бірінде болған оқыс оқиғаның видеосын жариялады. Куәгерлердің айтуынша, баланы мектепке барар жолда көлік қағып кеткен. Бұған дейін бұл жолдың қауіптілігі туралы ата-аналар мектепке, әкімдікке бірнеше рет шағымданған екен.

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 14 сәуірде Қарасай ауданы Балақты ауылында Mercedes-Benz 200 көлігінің 27 жастағы жүргізушісі 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жеткіншек белгіленбеген жерден жолдың жүру бөлігін кесіп өтпек болып, шетелдік көлік астына түскені анықталды. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді", - деді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша хаттама толтырылғанын айтты.

Жолдың қауіпті бөлігін патрульдік полиция қызметкерлері бақылауға алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети