28 наурыз 2018 23:03

Алматы облысында мүгедек бала асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Алматы облысында мүгедек бала асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды КТК


Алматы облысында мүгедек бала асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды КТК

Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласындағы мүгедек балалар үйінде болған. Түнгі кезекке қалған күтуші жылап қоймаған сегіз жасар баланы төсегінде тұншықтырып, артынша жуынатын бөлмеге сүйреп апарып буындырып өлтірген деген күдікке ілініп отыр. Ал, күтушінің қылмысын жасырмақ болды ма, мекеме басшылығы жеткіншектің ата-анасына "жүрегі тоқтап қалды" деген. Алайда жүйке жүйесінің ауытқуымен дүнеге келген баласының көкала қойдай денесін көрген ата-ана бірден полицияға арызданыпты.

Бірнеше күннен бері жарытып жауап ала алмай жүрген Құттықожаевтар отбасы мүгедектер үйіне баса көктеп кірді. Сөйтсе бұл мекемедегілер 8 жастағы Мұхамеджан өз өлімімен өлді деп оларды бір жеті бойы алдап келген екен. Яғни, жеткіншектің жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.

Алайда, сот сараптамасы жеткіншектің жүректен емес, кісі қолынан азаппен өлді деп көрсетіп беріпті. Құлағын сындырып, көгала қойдай етіп ұрған. Онымен қоймай, жуан жіппен буындырыпты. Бала содан ауа жетпей көз жұмған деп қорытынды шығарған екен мамандар.

Жантүршігерлік жайт тағы тоқсаннан астам бала тұрып жатқан мына жатақханада болған. Мүгедек баланы күтуші өлтірген деген күдік бар. Мәліметтерге қарағанда, түнгі кезекке қалған әйел бала жылап қоймаған соң осындай әрекетке барыпты-мыс. Оны әйел тергеушілерге мойындап, жіпке тіздей айтып берген екен.

"Мәліметтерге қарағанда бала күтуші 8 жастағы Мұхамеджанды өз төсегінде бірінші мойнынан қылғындырған екен. Алайда бала сонда да тыныштала қоймаған. Ақыры мазасыз баланы күтушісі келесі бөлмеге сүйретіп әкеліп әрі қарай жіппен буындырып өлтірген көрінеді. Қанды қылмыстың анық-қанығын тергеушілер әлі де анықтап жатыр", - дейді тілші сюжетте. 

Ал күдікті күтушінің өзі үш баланың анасы екен. Есімі Мейрамкүл деп қайталай берген әріптестері 90 бала сеніп тапсырылған тәрбиешіні жөнді білмейтін болып шықты.

"Ол түнде балаларға қарайды. Жасы 30-да. Жұмыс істегеніне жыл болған жоқ әлі, 4 ай ма, сондай болды", - дейді балалар үйінің тағы тәрбиешісі Кенже Омарханқызы.

Телеарна тілшілерінің айтуынша, күдікті қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети