11 қаңтар 2018 | 18:14

Алматы облысында өгей әкесі үш жасар қызын оңдырмай сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/Гульмира Абыкай © facebook.com/Гульмира Абыкай

Алматы облысында өгей әкесі үш жасар қызын оңдырмай сабап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында өгей әкесі үш жасар қызын оңдырмай сабап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денесі көгеріп, мұрны таңылған сәбидің суретін Facebook желісіне Гульмира Абыкай есімді қолданушы жариялады. "Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін", - деп жазды қолданушы. 

Оның айтуынша, сәбиді ауруханадан бүгін, 11 қаңтарда шығарылған. "Мұрын еті сол күйі табылмаған. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты. Шырылдап енді арыз жазғанымды білсе өзімді де өлтіреді деп жылайды Аяулым Матаева. Ол (Ринат) бұрын сотталған азамат", - дейді ол.


© facebook.com/Гульмира Абыкай

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет бұл оқиғаны Tengrinews.kz тілшісіне растады. Айтуынша, оқиға өткен жылдың 25 желтоқсанында болған.

"Қылмыс дерегі 2017 жылдың 25 желтоқсанында сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Іс Талғар аудандық ІІБ өндірісінде. Үш жасар қыз ауруханаға түскен. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қызды ұрып-соқты делінген ер адам ұсталып, кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қыздың суреті әлеуметтік желіде таралғаннан кейін бұл тергеу Алматы облыстық ІІД Анықтау басқармасының ерекше бақылауына алынды", - деп хабарлады Көбейхан Нұрахмет.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети